«Таза Қазақстан» акциясы аясында жеке сектор аумағында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға аула мен іргелес аумақтардың тазалығын сақтау, абаттандырудың маңыздылығы түсіндіріліп, тәртіпті сақтау қажеттілігі жөнінде ескертулер таратылды. Аталған акция қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Тазалық – әрқайсымыздан басталады. Бірге әрекет ете отырып, елді мекенімізді таза, көрікті әрі өмір сүруге қолайлы ете аламыз.
