Красная поляна ауылдық округінің дәрігерлік амбулаториясына жаңа санитарлық көлік берілді Красная поляна ауылдық округінде бүкіл жергілікті қауым үшін маңызды әрі мәні зор оқиға орын алды — дәрігерлік амбулаторияға жаңа санитарлық автокөлік бөлінді. Бұл қадам округ тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа санитарлық көлік медицина қызметкерлеріне шақыртуларға жедел шығуға, шұғыл және жоспарлы көмекті уақытылы көрсетуге, сондай-ақ қажет болған жағдайда науқастарды қауіпсіз тасымалдауға мүмкіндік береді. Әсіресе, елді мекендер арасындағы қашықтық едәуір болатын ауылдық жерлер үшін бұл аса маңызды. Красная поляна дәрігерлік амбулаториясы келесі елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсетеді: Красная Поляна, Пикет, Қарамурун, Дерепсал, Дарья және Батық. Аталған ауылдардың әрқайсысы үшін заманауи санитарлық көліктің болуы медициналық көмектің дер кезінде көрсетілуінде шешуші рөл атқарады. Медициналық қызмет автопаркін жаңарту — бұл тек техникалық күшейту емес, халық денсаулығына деген нақты қамқорлық. Енді Краснополян ауылдық округінің тұрғындары қажетті көмектің бұрынғыдан да жақын әрі қолжетімді болатынына сенімді бола алады. Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту — басым бағыттардың бірі, ал жаңа санитарлық көліктің бөлінуі ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсарту бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың айқын дәлелі. Жаңа автокөлік — бұл қосымша мүмкіндік, жеделдік және әрбір тұрғынның денсаулығы сенімді қорғауда екенінің кепілі.