Жарықшамдар ауыстырылды! Округке қарасты Бекет ауылы көшелерінің жарық шамдарын тексеру кезінде біразының істен шыққандығы анықталды. Істен шыққан 60 дана жарықшамдарын демеушілік есебінен “Шерубай су” ЖШС мен “Надежда” шаруа қожалығы жаңадан сатып алып, “Шерубай су”мекемесінің электриктерімен бағаналарға орнатып, іске қосылды. Тағы да айта кететін жайт, аталған жарықшамдардың қызмет көрсету ақысын “Шерубай су” мекемесі бірнеше жылдан бері өтеп келеді. Аталған елді мекенде биылдың өзінде орталықтандырылған ауыз су құрылысы аяқталып іске қосылса, “Ауыл ел бесігі” жобасы аясында 3 көше жолдарына 3 шақырым асфальт төселді.
