
Көктіңкөлі ауылдық округі әкімі аппаратының бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көктемгі ағаш отырғызу шарасы өткізілді. Іс-шараға Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімі Қ.Т. Қоршабеков, бас маман Т.Б. Шахмин, сондай-ақ мекеме қызметкерлері қатысып, туған жерді абаттандыруға өз үлестерін қосты. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, ауыл аумағын көгалдандыру, табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру және өскелең ұрпақтың экологиялық санасын дамыту. Сонымен қатар, бұл бастама ауыл тұрғындарын біріктіріп, ортақ іске жұмылдыруға және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталған.
Отырғызылған әрбір ағаш – келешек ұрпаққа қалдырылған үлес, ал жасыл желекке бөленген, көркейген ауыл – берекелі әрі үйлесімді өмірдің белгісі.