
“Құқық кабинетінің” жұмысы туралы
“Құқық кабинеті” - әрбір азамат қажетті құқықтық ақпаратты ( тегін заң көмегін) ала алатын орын.
ҚР Әділет органдары өз қызметіне сәйкес құқықтық насихатты ұйымдастыруды, Заңдарға түсіндірме беруді үйлестіру жөніндегі әрекеттерді жүзеге асырады. Осыған орай, ҚР Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы нөмірі 899 бұйрығымен “2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс - шаралар жоспары” бекітілді.
Жоспардың мақсаты: құқықтық ақпаратқа қол жеткізу, ауылдық жерлерде “құқық кабинетін” ашу болып табылады.
Көктіңкөлі ауылдық округі әкімдігі ғимаратында, құқықтық кабинет жұмыс жасайды. Аталған кабинетте өзіне - өзі қызмет көрсету (Egov) бұрышы қойылып, азаматтар e-Otinish, “Ашық НҚА” және басқа да электрондық мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен сервистерге қол жеткізуге қамтамасыз ету мақсатында, компьютермен жабдықталған.