Премьер-министр Түркістан облысында электр стансасын салу жөніндегі Президент тапсырмасының жүзеге асырылу барысын тексерді

Премьер-министр Түркістан облысында электр стансасын салу жөніндегі Президент тапсырмасының жүзеге асырылу барысын тексерді

Жоба жалпы қуаты 1000 МВт болатын 4 газ турбинасы, 4 кәдеге жарату қазандығы және 2 бу турбинасын қамтиды. Қолданылып отырған бу-газ қондырғысы технологиясы пайдаланылған газ жылуын іске асырып қосымша электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді және заманауи жылу энергетикасындағы ең тиімді әрі экологиялық таза технологиялардың бірі саналады.