
📌Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне және арнайы салық режимдеріндегі өзгерістерге байланысты, қазіргі уақытта
жеңілдетілген декларация,
бөлшек салық,
тіркелген шегерімі бар режим
бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілер қолданылатын салық режимі туралы хабарлама ұсынуы қажет.
🔹 Мерзімдер
Жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін қолдану үшін хабарламаны 2026 жылғы 1 қаңтардан 1 наурызға дейін (өтпелі кезең) беру керек.
Хабарлама ұсынған салық төлеушілер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап осы режимді қолданады деп есептеледі.
🔹 Хабарламаны қалай беруге болады (2026 жылғы 1 қаңтардан бастап):
Салық төлеушінің кабинетi (ИСНА) арқылы:
«Құжаттарды тапсыру» → «Қолданылатын салық режимі туралы хабарлама» (ЭЦҚ арқылы);
E-Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы;
ірі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;
қағаз түрінде – орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына.
🔹 Хабардар ету үшін Мемлекеттік кірістер комитеті жаңа Салық төлеушінің кабинетіне қадамдық нұсқаулығы бар push-хабарлама жолдайды.
⚠️ Маңызды:
Егер өтпелі кезеңде салық режимі таңдалмаса және хабарлама берілмесе, салық төлеуші автоматты түрде жалпыға бірдей белгіленген салық салу режиміне ауыстырылуы мүмкін.
Мемлекеттік кірістер комитеті түсіндіру жұмыстарын, соның ішінде call-орталықтар арқылы қолдау көрсетеді.
✅ Қиындықсыз көшу үшін оңтайлы салық режимін алдын ала таңдап, хабарламаны уақтылы беруді ұсынамыз.