2026 жылғы 1 қаңтардан бастап камералдық бақылау қалай өзгереді

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап камералдық бақылау қалай өзгереді

💎2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Ондағы өзгерістердің бірі – камералдық бақылау тәртібінің жаңартылуы. Камералдық бақылау – мемлекеттік кірістер органдары салықтық бұзушылықтарды анықтайтын тетік.

Қолданыстағы Салық кодексінде (96-бап) камералдық бақылау нәтижелері бұзушылық тәуекелдерінің деңгейлері бойынша бөлінеді:

Жоғары тәуекел – салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберіледі, атап айтқанда тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету бойынша айналымның нақты жүзеге асырылғанын анықтау мақсатында жазылған электрондық шот-фактуралар бойынша.

Орташа тәуекел – камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған, яғни салық есептілігіндегі бұзушылықтар туралы хабарлама жіберіледі.

Төмен тәуекел – тек мәлімет үшін бұзушылықтар туралы хабарлама (хабарлама-хат) жолданады.

Осылайша, қазіргі уақытта мәліметтік хабарламалардан бастап міндетті хабарламаларға дейінгі үш деңгейлі әрекет ету жүйесі бар.

Жаңа Салық кодексінде бұл жүйе түбегейлі жеңілдетіледі:

🔹 Хабарламалар (извещения) алынып тасталады. Енді салық төлеушілер елеусіз бұзушылықтар туралы «мәлімет үшін» хабарламалар алмайды.

🔹 Орташа тәуекел сәйкессіздіктер туралы хабарламаларға айналады. Егер есептілікте сәйкессіздіктер анықталса, салық төлеуші сәйкессіздіктер туралы хабарлама алады және бұзушылықтарды жоюға немесе түсіндірме ұсынуға міндетті.

🔹 Жоғары тәуекел жеке бақылауға шығарылды. Электрондық шот-фактуралар бойынша күмәнді мәмілелер мен операциялар енді камералдық бақылауға жатпайды. Олар үшін жаңа құрал – электрондық шот-фактураларды жазып беруін бақылау енгізілді (Салық кодексінің 13-тарауы, 142-бап), оның нәтижелері бойынша айналымның нақты жүзеге асырылғанын растау туралы хабарлама жолданады.

⚠️ Санкциялар жеделдетіледі. Егер сәйкессіздіктер туралы хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаса, шаралар (банктік операцияларды тоқтату, электрондық шот-фактураларды жазып беруді тоқтату) келесі жұмыс күнінен бастап қолданылады.