Тоғызқұмалақтан Азия чемпионы атанған қарағандылық оқушы қыз
Алматыда тоғызқұмалақтан екі ірі халықаралық дода өтіп, екеуінде де қарағандылық спортшылар жоғары нәтиже көрсетті. Соның ішінде жас спортшы Балғын Қожанәсіп Азия чемпионы атанып, ел намысын абыроймен қорғады.