
ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылу барысы жайлы баяндады. Оның мәліметінше, 260 медициналық пункт, 235 фельдшерлік-акушерік пункт және 160 дәрігерлік амбулатория салынады. Оның 228-сі медициналық объектілер болмаған ауылдарда, ал 427 объекті бұрын тозған медициналық объектілердің орнына салынады.
«Инсульт және кардиологиялық орталықтарын, медициналық оңалту орталықтарын, травмотология және ортопедия, хирургия, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерін аша отырып, 32 қазіргі заманғы көпбейінді орталықты, аудандық ауруханалады жаңғырту, сондай-ақ медициналық жабдықтармен жарақтардыру көзделген. Медициналық нысандар үшін 1100 медициналық қызметкерді даярлау жоспарланған», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.