
25-26 шілде күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында республикалық Creative Aimaq жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының креативті жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға өңірдің креативті индустриясының 50-ге жуық өкілі қатысты. Жәрмеңкеде дизайнерлік брендтер, қолөнер шеберлерінің туындылары мен заманауи шығармашылық жобалар ұсынылды.