ТЖМ қызметкері GAMMA MMA бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

ТЖМ қызметкері GAMMA MMA бойынша Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

🥋2026 жылғы 9–12 қаңтар аралығында Қытай Халық Республикасының Лучжоу қаласында AMMA MMA (Global Association of Mixed Martial Arts — аралас жекпе-жек өнерінің халықаралық қауымдастығы) бойынша Азия чемпионаты өтті.

🥉Жарыс қорытындысы бойынша Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Сражатов Марат қола медаль жеңіп алып, Қазақстанды халықаралық спорт аренасында лайықты деңгейде танытты.

👏Жүлдегерді жоғары нәтижесімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!