
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Шымкент қаласында Digital Qazaqstan 2026 халықаралық цифрлық форумында сөз сөйледі. «Индустрия 5.0: Өзара әрекеттесудің күші» тақырыбында өткен аталған форум экономика салаларын практикалық цифрландыруға және өңірлерді бірыңғай технологиялық кеңістікке тартуға баса назар аудара отырып, Digital Almaty платформасын дамытудың жаңа кезеңіне жол ашты. Форумға 3 мыңнан астам делегат қатысуда.