Мектептерде Денсаулық күндері өтеді: жастарға үлгі болатын жаңа бастама

Мектептерде Денсаулық күндері өтеді: жастарға үлгі болатын жаңа бастама

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 1-7 сәуір аралығында еліміздің барлық мектептерінде Денсаулық күндерін өткізеді. Шара аясында танымал тұлғалар, жұлдыздар мен спортшылар жастарға үлгі көрсетіп, өз өмір жолдары мен жетістікке жету тәжірибелерімен бөліседі. Бұл бастама оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың тиімді құралы болмақ.

«Осы апталық аясында әр оқушыға салауатты өмір салтының негіздерін түсіндіріп, оны қалыптастыруды дәстүрге айналдырсақ, оның пайдасы зор болар еді. Бұл қоғамдық денсаулық сақтау саласын дамытуға үлкен серпін береді», – деді ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Эрик Байжүнісов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.