Таза Қазақстан»: Олжас Бектенов Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысты

Таза Қазақстан»: Олжас Бектенов Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» акциясына қатысты

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы аясында Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақбұлақ ауылындағы «Ақ-Ата» бұлағын тазарту және абаттандыру іс-шараларына қатысты. Жергілікті тұрғындармен, белсенділермен бірлесіп, бұлақ көзін тазарту, айналасын абаттандыру, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілді. Бұлақтың жалпы ауданы 3,5 гектарды құрайды, аталған бұлақтың тарихы XVII–XVIII ғасырлардан басталады.