
Ақтау қаласында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында алғаш рет «TurkicSkills 2025» І Халықаралық шеберлік чемпионаты өз жұмысын бастады. Білім бәсекесінде Венгрия, Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстаннан келген 53 қатысушы бақ сынайды. Оның ішінде Қазақстанның әр өңірінен 10 студент қатысып жатыр.