
Пилоттық жоба 2025 жылы Астана қаласында басталып, қолданыстағы тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін толықтырады. Жаңа тетік қолданыстағы тегін рецепт арқылы дәрі алу тәртібін өзгертпейді. Азаматтар бұрынғыдай кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектерін ақысыз ала алады.