Қазақстанда ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту шеңберінде медициналық нысандардың 90%-дан астамының құрылысы аяқталды

Қазақстанда ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту шеңберінде медициналық нысандардың 90%-дан астамының құрылысы аяқталды

Жоба шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны – медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар салу көзделген.
Бүгінгі таңда 596 нысанның құрылысы аяқталды, оның ішінде 387 ескірген ғимараттардың орнына салынған; 209 бұрын медициналық инфрақұрылымы болмаған елді мекендерде тұрғызылды. Қалған 59 нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.