Курорттық аймақтарды дамыту мақсатында Жол картасының жобасы әзірленді

Курорттық аймақтарды дамыту мақсатында Жол картасының жобасы әзірленді

Курорттық аймақтардағы проблемаларды жүйелі түрде шешу үшін 2025–2028 жылдарға арналған Жол картасының жобасы дайындалды. Құжатта курорттық аймақтарды қажетті инфрақұрылыммен жабдықтауға және туристердің демалысына қолайлы жағдай жасауға бағытталған жан-жақты іс-шаралар кешені көзделген.

«Жол картасының жобасы 5 бөлімнен тұрады және 141 іс-шараны қамтиды. Онда инфрақұрылымдық проблемаларды шешуге және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беріліп отыр», - деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында