Қазақстан туризм саласында тұрақты өсім көрсетуде

Қазақстан туризм саласында тұрақты өсім көрсетуде

2025 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша туризм саласында тұрақты оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Ел бойынша ішкі туризм қарқынды дамып келеді: орналастыру орындарында қызмет көрсетілген азаматтар саны 3,9 млн адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 500 мыңға артты. Әсіресе Алматы, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында айтарлықтай өсім байқалды.

«Жалпы алғанда, әртүрлі туристік мақсаттармен елімізге 7,5 млн шетелдік қонақ келген. Орналастыру орындарының жиынтық кірісі 151 млрд теңгені құрап, өткен жылдың алғашқы жартыжылдығымен салыстырғанда 25%-ға жоғары болды», - деді ҚР ТСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Кәріпбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Туризм саласына салынған инвестициялар көлемі 27%-ға өсіп, нәтижесінде абсолюттік көрсеткіш 592 млрд теңгені құрады.