Қазақстан инклюзивті білім берудегі жаһандық талқылаудың алаңына айналады — Ғани Бейсембаев

Қазақстан инклюзивті білім берудегі жаһандық талқылаудың алаңына айналады — Ғани Бейсембаев

Қазан айында Алматыда инклюзивті білім беру жөніндегі алғашқы Дүниежүзілік конгресс – World Inclusion Congress 2025 (WIC 2025) өтеді. Іс-шараға бірқатар елдерден халықаралық сарапшылар мен инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы ғалымдар, салалық министрліктердің басшылары қатысады.

«World Inclusion Congress 2025 – инклюзивті білім беру саласындағы алғашқы халықаралық бастама. Конгресстің Қазақстанда өтуі – әділетті әрі инклюзивті қоғам құруға деген ұмтылысымызды көрсетеді, сонымен бірге білім беру реформаларындағы жетістіктеріміз бен инновацияларды енгізудегі нәтижелерімізді айқындайды», – деді оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы қаласындағы жұмыс сапары барысында