
Түркістан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында бірегей спорт нысаны – Есу арнасы пайдалануға берілді. Түркістан қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында бірегей спорт нысаны – Есу арнасы пайдалануға берілді. Спорт кешенінің Орталық Азияда теңдесі жоқ және толықтай Халықаралық каноэ федерациясы (ICF) мен Халықаралық академиялық есу федерациясының (FISA) стандарттарына сәйкес келеді.
Түркістандағы есу арнасының жалпы аумағы – 100 гектар, ұзындығы шамамен 2,5 шақырым. Бірегей спорт кешені академиялық есу, байдарка мен каноэ бойынша әлемдік деңгейдегі жарыстардан бастап Әлем және Азия кубогіне дейінгі турнирлерді өткізуге және спортшылардың тұрақты жаттығу жасауына мүмкіндік береді