Кеңшоқы ауылдық округі бойынша Алмалы кен орнының Қызыларай коппер ЖШС «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Кәсіпорын қызметкерлері бірлесіп, аумақты тазалау, қоқыс жинау, айналаны көркейту жұмыстарын жүргізді. Бұл игі шара қоршаған ортаны қорғауға, туған жердің тазалығын сақтауға және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталды.
Кеншоқы ауылдық округінде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілікке ауыл тұрғындары, мекеме қызметкерлері және жастар белсенді қатысып, туған жердің тазалығына өз үлестерін қосты.
Іс-шара барысында:
– көше бойлары тазартылды
– қоқыстар жиналды
– қоғамдық орындар ретке келтірілді
Тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Осындай игі бастамалар арқылы біз табиғатты қорғап, келер ұрпаққа таза орта қалдырамыз.
Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз!
Таза ауыл – таза болашақ! 🌱