
Кеншоқы ауылдық округі бойынша, заманауи спорт кешені салынып, ауыл халқының қызметіне берілді. Спорт кешенінде түрлі спорт саласына арналған залдар,жаттығу құрылғылары барлығы бар. Бүгін ауыл тұрғындарына арналған спорт кешенінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салтанатты ашылу шарасына облыс әкімі Е.Бөлекпаев және аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы келіп, халыққа жылы лебіздерін арнап, құттықтады. Ауыл ақсақалы Күзенбай Егінтай ақсақал, ауыл тұрғындарын жаңа кешеннің ашылу салтанатымен құттықтап, батасын берді. Жаңа заманауи спорт кешен ауыл халқына, жастарға ұнады.Бәрі қуанышты.Сонымен қатар, Шет ауданының мәдени-сауық орталығының әншілері әннен шашу шашса, ауылдық мәдениет үйінің қызметкері Шабанов Нұрбек сатланатты сәттің шымылдығын әнмен ашты.