2024 жылы құрылғанына 80 жыл толғалы отырған Төменгі Қайрақты ауылдық округінің әкімшілік орталығы Төменгі Қайрақты ауылы туралы қысқаша мәлімет.Қайрақта қорғасын кен орны – полиметалл кендерінің шағын кен орны. Қарағанды облысының солтүстік-шығысында Шет ауданында, Ақадыр теміржол торабының солтүстігінде 40 км жерде орналасқан. Барлау жұмыстары 1920 жылы басталып, 19 ғасыр 2-жартысында ашылды. Төменгі Қайрақты кен орнын егжей-тегжейлі барлау 1944-1954 жылдары жүргізілді. Кен орны 1944 жылдан бері игеріле бастады.Кенді кен орындары фамендік (девон) әктас және сазды-карбонатты жыныстардың қабаттарында орналасқан. Линзалар түріндегі кен денелері құмтастар мен сазды карбонаттар қабаттарының арасында жатыр. Олардың ұзындығы 100-ден 350 м-ге дейін, қалыңдығы 12-40 м, кей жерлерінде 5-12 м.Кендерде негізінен барит, галена, сфалерит, халькопирит, пирит минералдары бар, құрамында қорғасын, мырыш, мыс, барит, сондай-ақ күміс қоспасы бар. Кен орнының қоры негізінен таусылған.