Ауған соғысы ардагерлерін ұлықтаған спорттық іс-шара

Ауған соғысы ардагерлерін ұлықтаған спорттық іс-шара

Ағымдағы жылдың 18 тамызында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына орай Қарағанды қаласы Ауған соғысы  ардагерлері мен мүгедектерінің одағы Ардагерлер қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруыменен ауылымызда шағын футболдан жарыс өтті.

Жарысқа 6 команда қатысып, ойындар тартысты әрі қызықты өтті. Спорттық сайыс барысында қатысушылар өздерінің шеберліктері мен ұйымшылдығын көрсетті.

Сонымен қатар, Ауған соғысының ардагерлері батыр, бабаларымыздың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Осы тағылымды іс-шараның өтіуіне мұрындық болып, елге үлгі боларлық бастама көтерген ауылымыздың тумасы, Ауған соғысының ардагері Тоқтабеков Серғали Жұмағұлұлына алғысымызды білдіреміз.

Ел тарихын ұлықтап, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге бағытталған осындай игі шаралар жалғасын таба берсін.