Ағымдағы жылдың 14 сәуірінде өткен сенбілік аясында 🌿 «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Төменгі Қайрақты ауылында әкім аппаратының қызметкерлері мен мәдениет үйінің ұжымы бірлесіп, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында аумақ тазартылып, қоқыстар жиналды. Айналаны абаттандыру және тазалықты сақтау – баршамызға ортақ міндет. Осындай игі бастамалар ауылдың көркеюіне өз үлесін қосады.
🌿 Тазалық – ортақ жауапкершілік!
🌿 Туған жерімізді бірге таза ұстайық!