
Тәуелсіздік күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауыл әкімі М. Айқынбаев сөз сөйлеп, ауыл ардагері М. Тойбеков Желтоқсан оқиғасы туралы тағылымды ойымен бөлісті. Кітапханашы А. Ибраибекова баяндама жасады.
Кездесу барысында еліміздің Тәуелсіздігінің тарихи маңызы, ұлттық құндылықтар, мемлекеттің бүгінгі жетістіктері мен болашаққа бағытталған мақсат-міндеттер кеңінен талқыланды.
Дөңгелек үстел жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тәуелсіздікті қадірлеу және оны нығайту жолындағы ортақ жауапкершілікті сезіндіруге бағытталды.
Тәуелсіз еліміздің тұғыры берік, болашағы жарқын болсын!