Қарағанды облысы Шет ауданы Төменгі Қайрақты округі әкімнің аппараты

Қарағанды облысы Шет ауданы Төменгі Қайрақты округі әкімнің аппараты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жасады. Жолдауда Мемлекет басшысы алдағы кезеңге арналған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын айқындап, жедел экономикалық жаңғырту, тұрақты өсім және әлеуметтік әділдік қажеттілігіне ерекше назар аударды.

Президент орнықты фискалдық саясат қалыптастырудың, ішкі өндірісті ынталандырудың, өнеркәсіптік саясат пен жекешелендіруге жаңа тәсілдер енгізудің, сондай-ақ инвестициялық климатты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Мемлекеттік шығындардың, мемлекеттік аппарат жұмысының ашықтығын арттыру және басқару процестерін цифрлық трансформациялау қажеттілігіне айрықша көңіл бөлінді.

Жолдау еліміздің алға жылжуының айқын бағдарын айқындап, әділетті әрі қуатты Қазақстанды құрудың негізін қалайды.