Астана күніне орай, Бұрма мәдениет үйінде балалар арасында сурет салу шығармашылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар туған елге, елордаға деген сүйіспеншіліктерін сурет арқылы бейнелеп, өз шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, әсерлі туындыларын ұсынды. Барша Қазақстандықтарды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!