1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Бұрма ауылында балаларға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік кеш барысында бүлдіршіндер түрлі ойындарға қатысып, өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған қызықты бағдарламаларды тамашалады.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың қуанышын арттырып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлау, сондай-ақ өскелең ұрпақтың бақытты балалық шағын қолдау болды.
Мерекеге қатысқан балаларға тәтті сыйлықтар табысталып, қызықты байқаулар мен ойындар өткізілді. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің ерекше атмосферасын айшықтай түсті.
✨ Балалар – еліміздің жарқын болашағы. Барша бүлдіршіндерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тілейміз!