Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында сала мамандарының әлеуметтік статусын көтеру және олардың еңбек маңыздылығын арттыру мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді.
Осы орайда, Бұрма ауылдық округінің кітапхана меңгерушісі С. Алтыбаева өзінің кәсіби біліктілігі мен жемісті еңбегі үшін арнайы дипломмен және сертификатпен марапатталды. Сондай-ақ, ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі Қ. Қызметханға мәдени шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырып, өнерді ұлықтағаны үшін Құрмет грамотасы табыс етілді.ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!