Бұрма ауылдық округінде жыл басы — Әз-Наурыз мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті. Мерекелік іс-шара ауыл тұрғындарына нағыз рухани демалыс пен қуаныш сыйлады.
Мереке аясында:
* Мерекелік концерт: Сахна төрінде әсем ән шырқалып, күй күмбірлеп, жиналған қауымның көңілін көтерді.
* Ұлттық дәм: Мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдарымыз насихатталды. Наурыз көже ұсынылып, ақ бата берілді.
* Спорттық сайыстар: Білек сынасқан ұлттық ойындар мен спорттық жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды
Бұл күн — бірлік пен татулықтың, береке мен мейірімнің мерекесіне айналды. Ұлыс оң, ақ мол болсын!