Шет ауданы, Бұрма ауылдық округінде мерейлі оқиға орын алды. Округ әкімі Абишев Нурболат Акбарулы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мұхтар ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Ерубаева Бекзатты мемлекеттік награда — «Күміс алқамен» салтанатты түрде наградтады.
Нурболат Акбарулы өз құттықтауында ананың қоғамдағы рөлі мен ұрпақ тәрбиесіндегі қажырлы еңбегін ерекше атап өтті.
Бұл марапат — ананың отбасы мен мемлекет алдындағы ерен еңбегінің шынайы бағасы.
Құттықтаймыз!!!