Бүгін Бұрма ауылында ана мәртебесін ұлықтауға және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған салтанатты іс-шара өтті. Жиынның басты жаңалығы — жеті перзентті дүниеге әкеліп, үлгілі тәрбие беріп отырған көпбалалы ана Шауенова Асель Алмасбековнаның жоғары мемлекеттік марапатпен марапатталуы болды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, ақ жаулықты анаға «Алтын алқа» төсбелгісін ауыл әкімі Абишев Нурболат Акбарулы салтанатты түрде табыс етті.
Округ әкімі өз құттықтау сөзінде бұл марапаттың мән-маңызына тоқталып:
«Ана — әрбір шаңырақтың берекесі, мемлекеттің мықты тірегі. Бұл марапат — тек бір отбасының ғана емес, бүкіл
қоғамның дамуына қосып жатқан өлшеусіз үлестің, аналық еңбектің жоғары бағасы», — деп атап өтті.
Салтанатты шара барысында ауыл белсенділері мен тұрғындары алтын құрсақты анаға жылы лебіздерін білдіріп, құрмет көрсетті. Өз кезегінде Асель Алмасбековна мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдауға ризашылығын білдірді.