Қарағандыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық турнир өтті

Қарағандыда Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған халықаралық турнир өтті

Қарағанды қаласында ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай дзюдо, самбо және қазақ күресінен шеберлер (ардагерлер) арасында халықаралық жарыс ұйымдастырылды.
Айтулы спорттық шараға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузия елдерінен 300-ге жуық спортшы қатысып, бақ сынасты.
Байрақты бәсекеде Шет ауданы, Бұрма ауылының бапкері Өрік Сайлауұлы Балғабеков жоғары дайындығын көрсетіп, бірден үш спорт түрінен жүлдегер атанды:
* Қазақ күресінен – ІІ орын;
* Самбодан – ІІІ орын;
* Дзюдодан – ІІІ орын.
Жерлесімізді айтулы жеңісімен құттықтай отырып, алдағы додаларда сәттілік тілейміз!