ЖОЛ ПАЙДАЛАНУ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

ЖОЛ ПАЙДАЛАНУ БӨЛІМІНІҢ ЖАҢА ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Шет ауданында №77 Жол пайдалану бөлімінің жаңа ғимаратының ашылу рәсімі өтті.

Айтулы нысанның ашылу салтанатына аудан басшылығы, жол саласының республикалық және облыстық деңгейдегі өкілдері, сондай-ақ сала ардагерлері қатысты.

Жаңа нысанның жолдардың тазалығын қамтамасыз ету, күтіп ұстау, уақытылы жөндеу жұмыстарын жүргізу және қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыруда маңызды рөл атқарады. Нақтырақ айтқанда, Ақсу елді мекенінен Ақшатау кентіне дейінгі 126 шақырым мен Ақшатау–Ақадыр–Бидайық бағытындағы 180 шақырым автожолға қызмет көрсетеді.

Осыған орай, биылғы жылы бөлімнің материалдық-техникалық базасы 21 арнайы техникамен толықтырылып отыр.