"Ардагерлер алаңы" ашылуы

"Ардагерлер алаңы" ашылуы

       

           Алаңдағы тақтаға Босаға ауылынан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына аттанған майдангерлермен, соғыс жылдары тылдағы ерен еңбектерімен Ұлы жеңіске үлестерін қосқан тыл ардагерлерінің, Ауған соғысы ардагерлерінің, Чернобыль атом электр станциясында апаттың зардабын жоюға қатысқан жауынгерлердің есімдері қашап жазылды.

           Аталған іс-шараға аудан әкімі М.С.Мұхтаров қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтап, кәсіпкер Қ.Қ.Тусупбековке ризашылығын білдірді. Сонымен қатар кәсіпкерге, ақсақалдар кеңесінің төрағасы О.Кукенов, кеңес мүшелері Т.Тағылбеков, Т.Нұрмағамбетов ауыл тұрғындарының атынан алғыстарын айтты.