
7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай, Босаға жалпы білім беру мектебін тәмамдағандарына 5 жыл толған түлектердің демеушілігімен футболдан ашық біріншілік ұйымдастырылды.
Тартысты жарысқа Қарағанды қаласы мен Қарағанды–Нұрқазған, Ақадыр, Мойынты кенттері, сондай-ақ Қайрақты және Киікті ауылдарының командалары қатысты. Босаға ауылынан 2 команда қатысып, жалпы саны 8 команда өзара бақ сынасты.
Дүбірлі дода қорытындысы бойынша:
🥇 І орын — Ақадыр кенті
🥈 ІІ орын — Киікті ауылы
🥉 ІІІ орын — Қайрақты ауылы
Жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтаймыз! Спорт саласында толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!