2026 жылы келесі санаттағы тұлғалар бақылау-касса машиналарын (БКМ) қолданбайды:
1.Жеке тұлғалар
2.Жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар
3.Қалалық қоғамдық көлікте жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсететін және билет беретін тұлғалар
Билеттердің нысаны көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бекітіледі.
4.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
5.Екінші деңгейлі банктер
6.Діни бірлестіктер
7.Ұлттық пошта операторы
(жалпы пайдаланудағы байланыс желісі жоқ жерлердегі ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда)
8.Арнайы мобильді қосымша арқылы есеп айырысуды жүзеге асыратын тұлғалар