Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету

Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың аясында, ауыл әкімдігінің ұйымдастыруымен, ауыл тұрғындарымен, Ақадыр станциясының желілік полиция бөлімі бастығының м.а., полиция лейтенанты С.К.Ахметов, Ақадыр станциясының желілік полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының полицейі, полиция аға сержанты Е.Ж.Тұрсынмен кездесуі өтті.


Күн тәртібіне, теміржолдың автокөлікке, жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерінен өту тәртібін сақтау және бұзбау. Теміржолға бөлінген аймақта қараусыз малдың жүруі, мал жаю факторларын болдырмау мәселелері қойылды. Ауыл әкімі күн тәртібіндегі мәселеге тоқтала отыра, сөз кезегін
жиынға қатысып отырған Босаға станциясының бастығы С.М.Мамашевқа берді. Ол өз тарапынан тұрғындарға теміржолдан өту кезеңіндегі ережелерді сақтау, қауыпсіздік шараларының басты кепілі екенін айтып өтті.


Іс - шара барысында, басқа да құқықтық ақпараттар беріліп, қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға теміржол мамандары мен округтің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Е.Шаризанмен жауаптар берілді.

#ЗаңменТәртіп
#ЗакониПорядок