
Босаға ауылдық округінің әкімдігі жанындағы ардагерлер кеңесінің отырысы өтті.
Күн тәртінде, кеңестің 2025 жыл бойына атқарылған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, "Бастапқы ардагерлер ұйымы туралы" ережеге сәйкес, кеңес құрамы жаңартылып, кеңес төрағасы сайланып бекітілді.
Сонымен қатар, жиынға қатысқан ардагерлердің әрқайсысының ұсыныстары ескеріле отырып, 2026 жылға атқарылатын жұмыстар жоспарланды.