
Биылғы 8-қыркүйектегі 2025-жылғы өз Жолдауында Президент әділетті салық жүйесін қалыптастыру мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Салық – мемлекеттің экономикалық тірегі ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы әлеуметтік әділдіктің көрсеткіші. Сондықтан салық саясаты халыққа түсінікті, ашық әрі әділ болуы тиіс. Жолдауда айтылғандай, салық жүйесі адал еңбек етіп, заңды түрде табыс тауып отырған азаматтарға ауыртпалық түсірмеуі керек. Керісінше, көлеңкелі экономиканы азайтып, табысын жасырып жүргендерге бақылауды күшейту маңызды. Бұл – қоғамдағы теңдікті қамтамасыз етудің бір жолы. Әрбір азамат өз мүмкіндігіне қарай салық төлесе, мемлекет те әлеуметтік міндеттерін толық орындай алады. Сонымен қатар, Президент шағын және орта бизнесті қолдаудың маңызын атап өтті. Әділетті салық жүйесі кәсіпкерлердің дамуына кедергі емес, керісінше, оларды заң аясында жұмыс істеуге ынталандыруы қажет. Бұл жаңа жұмыс орындарының ашылуына және экономиканың өсуіне жол ашады. Қорытындылай келе, әділетті салық жүйесі – халық пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтатын маңызды құрал. Салықтың әділ бөлінуі елдің тұрақты дамуына, әлеуметтік теңдікке және “Әділетті Қазақстан” құруға негіз болады.
#Жолдау2025
#Послание2025