Қоғамда заң мен тәртіп қағидатын ілгерілету жөніндегі кездесу өтті

Қоғамда заң мен тәртіп қағидатын ілгерілету жөніндегі кездесу өтті

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына жолдауында, "Заң мен Тәртіп" қағидатын ұстану, қоғамның идеологиялық және саяси нұсқаулығына айналуы қажет екенін айтты.
Президент "Әділетті Қазақстан - Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел",- деді.
Бұл жаңа қоғамдық келісімнің іргетасында тұрған маңызды постулат. Барлық азаматтардың заң алдындағы теңдігінің конституциялық қағидаты сақталмаған жерде әділетті Мемлекет құру мүмкін емес екендігін Президент тағыда еске салды.
2025 ж. 11 желтоқсанда, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 - 2030 жылдарға арналған тұжырымдаманың аясында, "Заң үстемдігі және заңның жалпыға бірдейлігі қағидаты" туралы тақырыбымен, ауыл тұрғындарының жеке адвокат Карбанов Дархан Шакмаранұлымен кездесуі ұйымдастырылды.
Іс - шараның мақсаты: ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру.
Іс - шара барысында, құқықтық ақпараттар беріліп, қатысушылар тарапынан берілген сұрақтарға адвокат Д.Ш.Карбановпен, округтің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Е.Шаризанмен жауаптар берілді. Сонымен қатар, жеке қабылдау жүргізіліп, тұрғындарға шешілмей жүрген әр түрлі мәселелері бойынша кеңестер берілді.