
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар елімізде өз жалғасын табуда. Аталған бастамаға сәйкес, ауыл аумағында кең көлемді тазалық шаралары ұйымдастырылып, көшелер мен қоғамдық орындарда санитарлық жұмыстар жүргізілді. Акцияның мақсаты – қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсарту және елді мекендердің көріктендірілуіне үлес қосу.
#ТазаҚазақстан
#TazaQazaqstan