Шет ауданы Босаға жалпы білім беру мектебінде, Білім күніне орай “Мектебім – мейірім мекені” атты алғашқы қоңырау салтанаты өтті

Шет ауданы Босаға жалпы білім беру мектебінде, Білім күніне орай “Мектебім – мейірім мекені” атты алғашқы қоңырау салтанаты өтті

Ағымдағы жылдың 2 қыркүйек күні, Білім күніне орай, Қарағанды облысы білім басқармасының Шет ауданы білім бөліміне қарасты Босаға жалпы білім беретін мектебінде жаңа оқу жылының басталуына арналған “Мектебім – мейірім мекені” атты салтанатты жиын өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Салтанатты жиында мектеп директоры мен ардагер ұстаздар оқушыларды, ата-аналарды және мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерді Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.

Алғашқы қоңырау соғу рәсімі — үздік аттестат иегеріне үміткер түлектер мен бірінші сынып оқушыларына табысталды. Бұл дәстүр білім мен мейірімнің, ұрпақтар сабақтастығының символына айналды.

Мерекелік іс-шара бастауыш сынып оқушыларынан құралған хордың орындауындағы “Атамекен” әнімен қорытындыланды. Кеш ерекше қуаныш пен мерекелік көңіл-күйге толы болды.