
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 69-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша келіп түскен өтініштер «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдау жүйесінде есепке алынбайды.
📌Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңы 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, «Е-Өтініш» платформасы арқылы берілген мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштер есепке алынбайды және қаралмайды.
💻Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алу тек қана egov.kz «Электрондық үкімет» порталының «Мемлекеттік қызметтер» сервисі және мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері (Салық төлеуші кабинеті, «Кеден», «Астана-1» және басқа да сервистер) арқылы жүзеге асырылады.
📍Өтініштерді жолдау кезінде аталған талаптарды ескерулеріңізді сұраймыз.