
Біздің мызғымас достыққа және жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген көпқырлы қарым-қатынастарымыздың серпінді түрде дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске қосқан Сіздің қомақты жеке үлесіңізді жоғары бағалаймын. Осындай тұрақсыз кезеңде елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығына қатысты Сіздің берік ұстанымыңызды, сондай-ақ халықаралық аренада өзара қолдау көрсету және күш-жігерді үйлестіру арқылы ортақ мүдделерімізді қорғау қажеттігін толық қолдаймын, – делінген жеделхатта.
Президент ҚХР Төрағасына жаһандық бастамаларды ілгерілету жолындағы қызметіне табыс, ал Қытай халқына амандық пен өркендеу тіледі.