
Президент Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусованы халықаралық Global Teacher Prize байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі үздік 50 педагогтың қатарына енгенімен құттықтады.
– Бұл жоғары марапат жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беру жолындағы Сіздің көпжылдық шығармашылық еңбегіңіздің нәтижесі. Біздің ортақ мақсатымыз – зияткер ұлт қалыптастыру. Мемлекет мұғалімдердің мәртебесін арттыру және оларға жан-жақты қолдау көрсету бағытында жүйелі түрде қадамдар жасап келеді, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.