
Өңірлік коммуникация қызметі алаңында Қарағанды облысы бойынша Экология департаментінің 2025 жылғы жұмыс қорытындысы туралы брифинг өтті. Брифинг барысында 2025 жылы облыста қоршаған ортаға шығарындылардың азайғаны, экологиялық реттеу жұмыстарының нәтижелері, табиғатты қорғау шаралары және мемлекеттік бақылау бойынша атқарылған негізгі жұмыстар таныстырылды.